[:kz]Қоршаған ортаға әдейі босатуды реттеу және генетикалық өзгертілген организмдерді (ГӨО) нарықта орналастыру мәселелері бойынша Қазақстан заңнамасын реформалау[:ru]Реформирование законодательства Казахстана по вопросам регулирования преднамеренного высвобождения в окружающую среду и размещения на рынке генетически измененных организмов (ГИО)

2018 жылы 20 қарашада Астана қаласында ГӨО саласындағы мамандардың қатысуымен  «Қоршаған ортаға әдейі босатуды реттеу және генетикалық өзгертілген организмдерді нарықта орналастыру мәселелері бойынша Қазақстан заңнамасын реформалау» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел ҚР Энергетика министрлігі мен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК бірлесіп, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалары офисінің қолдауымен өткізілді.

Дөңгелек үстелде мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ЖОО-ның өкілдері, сондай-ақ ГӨО саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциясында өзгерістер мен толықтыруларды ГӨО туралы түзету бөлігінде талқылау.

Кездесу барысында Орхус конвенциясына ГӨО туралы түзетуді ратификациялаудың қазіргі жағдайы және ГӨО өңдеу саласындағы шешімдер қабылдаудың негізгі талаптары, Қазақстан Республикасының ГӨО мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаларына шолу, «ГӨО-дан бос Қазақстан үшін» қоғамдық науқанының тәжірибесі туралы мәселелер, ГӨО мен жумыс жасау саласындағы құқықтық базаны реформалау бойынша ұсыныстар талқыланды.

Дөңгелек үстел, мемлекеттік органдардың өкілдерімен және жұртшылықтың ГӨО саласындағы сарапшылармен белсенді өзара қарым-қатынас үшін жақсы алаң болды.

Дөңгелек үстелдің нәтижесінде Экологиялық кодекстің жаңа редакциясына Орхус конвенциясына ГӨО туралы түзету қағидаларын жүзеге асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар берілді.

“Список участников” жүктеу

“Программа круглого стола” жүктеу

20 ноября 2018 г. в г. Астане с участием специалистов в области ГИО  состоялся круглый стол «Реформирование законодательства Казахстана по вопросам регулирования преднамеренного высвобождения в окружающую среду и размещения на рынке ГИО».

Круглый стол проводился Министерством энергетики совместно с РГП «Информационно-аналитический центр охраны окружающей среды» при поддержке Офиса программ ОБСЕ в Астане.

В семинаре приняли участие представители государственных органов, неправительственных организаций, ВУЗов, а также национальные и международные эксперты в области ГИО.

Цель круглого стола – обсуждение внесений изменений и дополнений в Экологический кодекс в новой редакции в части  Поправки о ГИО.

Во время встречи, были обсуждены вопросы текущего состояния хода ратификации  Поправки о ГИО к Орхусской конвенции  и заложенные в ней основные требования к процедуре принятия решений в сфере обращения с ГИО, обзор действующего законодательства РК по вопросам ГИО,  опыт общественной кампании «За Казахстан свободный от ГИО», предложения по реформированию законодательной базы в сфере обращения с ГИО.

Круглый стол послужил хорошей площадкой для активного взаимодействия представителей государственных органов и общественности  с  экспертами в области ГИО.

По итогам Круглого стола, были даны рекомендации по  внесению изменений и дополнений  в Экологический Кодекс в новой редакции по реализации принципов Поправки о ГИО к Орхусской конвенции.

“Список участников” скачать документ

“Программа круглого стола” скачать документ

Прокрутить вверх